«МЕКТЕПКЕ ҚАУІПСІЗ ЖОЛ»

Мектеп тәлімгерінің 2-сынып оқушыларымен «Мектепке қауіпсіз жол» атты танымдық-ойын-сауықтық әңгіме өткізілді, оның мақсаты оқушылардың жол қозғалысы ережелері бойынша теориялық білімдерін бекіту және оқушылар арасында жолда өзін-өзі ұстау мәдениетін қалыптастыру. Іс-шараның бірінші бөлімінде балалар жол белгілері мен жол қозғалысы ережелері туралы, ережелерді неліктен білу және сақтау керектігі туралы ақпаратты тыңдады.

Екінші бөлімде қатысушылар сайыс тапсырмаларын орындауға кірісті. Балалар барлық тапсырмаларды өте жақсы орындап, қосымша білім алды. Шара соңында балалар өз өмірлеріне қауіп төндірмеу керек, жол ережесін сақтап, жолда абай болу керек деген қорытындыға келді.

Қосымша ақпарат көздері