Бірінші сыныпқа қабылдау

БІРІНШІ СЫНЫП ҮШІН ҚҰЖАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАУ МЕРЗІМІ 31 тамызға дейін ұзартылды.

Білім министрлігі ата-аналар мен жұртшылықтың өтініші бойынша білім беру ұйымдарына қабылдау ережесіне өзгерістер енгізді.
Егер бұрын бірінші сыныпқа қабылдау мерзімі 1 сәуір мен 1 тамыз аралығында болса, енді баланың ата-анасынан немесе өзге де заңды өкілдерінен бірінші сыныпқа құжаттарды қабылдау ағымдағы күнтізбелік жылдың 1 сәуірінен 31 тамызына дейін жүргізіледі. .
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Бірінші сыныпқа өтініштер ағымдағы жылдың 1 сәуірінен 31 тамызына дейін қабылданады.
Құрметті ата-аналар! Орта білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларына сәйкес орта білім беру ұйымдарында бірінші сыныпқа оқуға қабылдау үшін құжаттарды қабылдау ағымдағы жылдың 31 тамызында аяқталатынын естеріңізге саламыз. Балаңызды бірінші сыныпқа қабылдау үшін көрсетілген мерзім өткенге дейін құжаттарды «электрондық үкімет» порталы арқылы немесе тікелей білім беру ұйымына (мектепке) тапсыру қажет. «Білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, арнайы)» қызметін қалай алуға болатыны туралы бейнероликті көріңіз.

Мектепке құжаттарды қабылдау мерзімдері туралы

Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы

Қосымша ақпарат көздері