Мектепалды даярлық сыныбында мемлекеттік мерекеге арналған «25 қазан – Қазақстан Республикасының туған күні» атты ертеңгілік өтті. Міндеттері: — оқушыларды осы мерекенің тарихымен таныстыру; — балалардың Отан туралы білімдері мен түсініктерін тереңдету және кеңейту; — қоршаған табиғаттың әсемдігін көрсету, балалар сезініп, оларды қамқорлыққа оятады. — Қазақ халқының мәдениетіне, салт-дәстүріне, әдет-ғұрпына деген сүйіспеншілік пен құрметке тәрбиелеу.




