15 мамыр – Халықаралық отбасы күні. Отбасы – адамды өзінің барлық көріністерімен толығымен «жабатын» құрылым. Барлық жеке қасиеттер отбасында қалыптасады. Отбасы тәрбиесі – күрделі жүйе. Оған балалар мен ата-аналардың тұқым қуалаушылық және биологиялық денсаулығы, материалдық және экономикалық қамтамасыз етілуі, әлеуметтік жағдайы, өмір сүру салты, отбасы мүшелерінің саны, тұрғылықты жері, балаға деген көзқарасы әсер етеді. Мұның бәрі бір-бірімен органикалық түрде тоғысады және әрбір нақты жағдайда әртүрлі түрде көрінеді. Бүгін мектепте отбасын жоспарлауға арналған сынып сағаты өтті, оған 9-10 сынып оқушылары қатысты.