ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ОТБАСЫ КҮНІ.

15 мамырда бүкіл әлемде Халықаралық отбасы күні атап өтіледі. Мектепалды даярлық сыныбында «Отбасы күні» атты сынып сағаты өтті. Отбасы – әр адамның өміріндегі ең қымбат, ең маңызды нәрсе. Бұлар – біз жақсы көретін, үлгі алатын, қамқорлық жасайтын, жақсылық пен бақыт тілейтін жақын да аяулы жандар. Әр отбасында салт-дәстүрдің алатын орны даусыз. Олардың барлығы жақындастырады және отбасылық байланыстарды нығайтады және достыққа айналдырады.

Балалар осы тақырып бойынша бейнероликтер мен презентацияны көргеннен кейін отбасы құндылықтары мен отбасы мен достарын біріктіретін жақсы дәстүрлерді сақтау туралы білді. Отбасы туралы тақпақтар оқыдық, отбасының маңызы туралы мақал-мәтелдер еске түсірдік. Отбасы туралы мақал-мәтелдерді еске түсірдік. Содан кейін әркім болашақта қандай отбасын көргісі келетіні туралы өз тілектерін білдірді.

Қосымша ақпарат көздері