«Біртұтас тәрбие» бағдарламасын жүзеге асыру аясында 2 қыркүйекте бірінші сабақта «Менің Отаным – Қазақстан», «Менің Отаным – Қазақстан!» атты дәстүрлі бірыңғай сынып сағаттары өтті. Өскелең ұрпақтың бойында отаншылдық, еліне деген сүйіспеншілік сезімін ояту үшін мұндай шаралардың маңызы зор.
Мақсаты: 1. Ұлттық құндылықтарды дарыту – қазақ халқының тарихына, мәдениетіне, салт-дәстүріне деген мақтаныш сезімін қалыптастыру. 2. Тәуелсіздік құндылығы мен отансүйгіштік – Отанға деген құрмет пен сүйіспеншілікке, өз елін қорғауға, дамытуға ұмтылуға тәрбиелеу. 3. Бірлік пен ынтымақ – Қазақстан азаматтары арасында бірлік пен өзара түсіністік сезімін қалыптастыру. 4. Әділдік, жауапкершілік және бір-біріне деген құрмет жеке тұлғаның үйлесімді дамуы үшін қажетті ең маңызды моральдық-этикалық құндылықтар болып табылады.
![](https://b035.edu.kz/storage/sites/33/2024/09/457739648_1671785466921292_6979873898525104359_n-647x1024.jpg)
![](https://b035.edu.kz/storage/sites/33/2024/09/458083849_1671785403587965_584681818394617181_n-462x1024.jpg)
![](https://b035.edu.kz/storage/sites/33/2024/09/457786566_1671785563587949_6591961381223261592_n-1024x768.jpg)
![](https://b035.edu.kz/storage/sites/33/2024/09/457743001_1671785640254608_736313102839407267_n-1024x768.jpg)