«Андрей Хименко атындағы Қиялы орта мектебі» КММ-де жоғары сынып оқушылары «Солтүстік Қазақстан сепаратистері» фильмін тамашалады.
Деректі материалдар негізінде жасалған фильм аумақтық тұтастық пен ұлттық бірлік мәселелеріне байланысты күрделі тарих пен бүгінгі күннің сын-қатерлері туралы баяндады. Басты назар бейбітшілікті, ұлтаралық келісімді сақтаудың және халықтар арасындағы достықты нығайтудың маңыздылығын түсінуге аударылды.